Балабақша – бақыттың бастауы
Балабақша – әр баланың өміріндегі ең алғашқы үлкен мектеп. Бұл – бүлдіршіннің білімге деген алғашқы қадамын жасап, достықты, мейірімділікті, сыйластықты үйренетін ерекше мекен. Балабақшада әр күн – жаңа әсерге, жаңа білімге, жаңа жетістікке толы. Мұнда балалар ойнап қана қоймай, ойлау қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдап, өз бетінше әрекет етуге үйренеді. Тәрбиешінің жылы сөзі мен қамқорлығы әр баланың жүрегіне сенім мен қуаныш сыйлайды. Баланың жарқын болашағы – сапалы тәрбиеден басталады. Сондықтан балабақша – тек білім беретін орын емес, әр бүлдіршіннің арманына қанат бітіретін, мейірім мен махаббатқа толы екінші үй. «Балабақша – балалық шақтың ең бақытты мекені, ал бақытты балалық шақ – жарқын болашақтың кепілі!»
Балабақша әкімшілігі!

